БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуроодақтың Брюссельдегі мәжілісінде Ресеймен арадағы басты келісімге келу мәселесі бойынша келіссөзге Польшаның вето, яғни бөгет қойғаны тағы да сөз болады. Оның қарсаңында Варшавамен арадағы әңгіме нәтиже бермеді. Еуроодақ басшыларының Лахти қаласында болып өткен бейресми бас қосуында Ресей мен Еуроодақтың 24-інші қарашада Хельсинкиде өтетін саммитінде екі жақтың қарым-қатынасы бойынша жаңа келісім жөнінде келіссөз өткізетін болып уағдаласқан болатын. Бірақ кейнірек Польша Еурокомиссияның келісілген мандатын мақұлдаудан бас тартты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"