БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуропа Одағының кеңею мәселесі бойынша арнаулы өкілі Олли Рен Ресейдің ет импортына тыйым салмақ жоспарынан зор қауіп төніп, ондай шара Еуроодақ пен Ресей басшыларының жұма күні өтетін бас қосуының нәтижесіне қатер төндіреді деп мәлімдеді. Оның атап көрсеткеніндей, Ресейдің ет импортына тыйым салу жоспарында ешқандай қисын жоқ, керісінше жоғарғы деңгейдегі кездесудің нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Еуроодақтың болашақ мүшелері саналатын Болгария мен Румыниядағы мал етінің сапасы төмен деп тапқан Мәскеу Еуродақ елдерінен экспортталатын барлық ет өніміне 1-інші қаңтардан бастап тосқауыл қоймақшы.