«ZERE» корпарациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сағадиевтың айтуынша, «стан» деген тіркес Қазақстанды Пәкістан, Тәжікстан елдерімен қатар қойып, шетелдерде Қазақстанды дұрыс танытуға үлкен кедергі келтіріп отыр. Алайда ол «стан» деген тіркестен қашпай-ақ, Қазақстанның шетелдердегі жаңаша бет-бейнесін қалыптастыруға болады дейді:
- Бүгінгі Қазақстанның шетелдердегі имиджі ат пен киіз үй болып отыр. Шетелге барсаң, Қазақстан туралы ешкім дұрыс білмейді. Ал Қазақстанда түйе мен киіз үйден басқалар да бар. Соларды көрсетуіміз керек. Ол біздің қаржы орталығымыз, Бәйтерек, Байқоңыр және Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, «ZERE» корпарациясының басшысы Қазақстанның қазірде Орталық Азия елдерінен үлкен айырмашылығы болып отырғанын айтып, Қазақстан өзін шетелдерге ең алдымен, қаржысымен танытуы керек дейді.
- Қазақстан қазір өзін жабайы туризмімен ғана танып отыр. Мысалы, Қазақстан Орталық Азиядағы қаржы орталығы болса, ол біз үшін жабайы туризмнен қарағанда көбірек пайда, - дейді Ерлан Сағадиев.
Ал осы қоғамдық кеңеске кіретін, шетелдерде ұзақ жылдардан бері тұрып келе жатқан Марат Бейсенғалиев Қазақстан әлемге өзін жеткілікті деңгейде таныта алмай келе жатыр дегенге қосылатынын айтып, осы бағытта Қазақстанға көп жұмыстар атқару керек дейді.
- Мен қолымнан келгенше, Қазақстанды шетелдерге танытып келемін. Алайда менің өнерімді сүйіп тыңдайтын адамдар, айталық спорт жанкүйерлеріне қарағанда азырақ. Алайда бізде еш нәрсе ойлап таппай-ақ, өзімізде барды көрсететін нәрселер де бар. Мысалы, дәстүрге, музыкалық дәстүрге бай екенімізді көрсетуіміз керек. Әйтпесе, шетелдерде Қазақстан туралы теріс көзқарастар көп. Шетел телеарналарды қарап отырсам, Қазақстан көбіне ядролық полигоны бар, экологиялық мәселелері шиеленіскен мемлекет ретінде көрсетіледі, - дейді Марат Бейсенғалиев.
Ал саясаттанушы Мұрат Лаумулин болса, Қазақстанды шетелдерге таныту мақсатында ұсылып отырған жаңа құндылықтардың ішінен, әсіресе президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін насихаттауға тұрарлық дейді.
- Егер қазіргі заман тарихына үңілетін болсақ, біз Үндістанды Неру мен Индира Гандисіз, Кубаны Фидель Кастросыз елестете алмаймыз. Қазір президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында дүние жүзі Қазақстанды танып келеді. Ал Путинді Батыс елдері мен Шығыс елдерінде үлкен тұлға деп танып, оны есімін Ресей деген атаумен қатар қойып жүр. Сол сияқты Достастық елдері де Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, талантты, таңғажайып адамның қиын кезде билік басына келіп, елін осындай дейгейге жеткізгеніне қызғанышпен қарауы керек, - дейді саясаттанушы.
«Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов болса, Қазақстанның беделін көтеру әрекетіне шетелдерде көрсетіле бастаған британ комигі Александр Коэннің фильмі әсер етті деп есептейді. Саясаткер Қазақстанның беделін көтеру қолдарлық әрекет екенін айтқанымен, Байқоңыр, Бәйтерек немесе президентпен мақтануға болады дегенге қосылмайды.
- Билік жақтағылар елді мақтау үшін президентті, билікті мақтауымыз керек деп, кейде артық кетіп қалады. Ол дұрыс емес. Қазақстанда мақтанатын жағдай көп. Ең бірінші мақтанатынымыз – ол, біздің халқымыз. Өзге халықта жоқ қасиеттер. Қазақтың өзінің мәдениетінің, өнерінің, әдебиетінің шырқау шегін мақтауымыз керек, - дейді Әміржан Қосанов.
Ал жазушы, әрі қазақ халқының рухани мәдениетін зерттеуші Немат Келімбетов болса, Қазақстан ең біріншіден, өзінің мәдениетімен мақтанғаны дұрыс деп есептейді.
- Өзін зиялымыз деп есептейтін адамдардың барлығының мойындайтын нәрсесі - бұл біздің бұрынғы әдет-ғұрыптарымыз. Археология институты соңғы кездері бұрынғы қанша қалалардың орнын ашты. Сақтар, ғұндар, көк түріктер мәдени дәуірінің көптеген мұралары айқындалды. Мұнымен әлемге таныстырып жатыр, - дейді Немат Келімбетов.
Қазақстан президенті Лондонға сапары барысында британ сайқымазағы Саша Коэннің шатақ фильмі бойынша түсіндірме бергенде Қазақстанның оң саяси имиджін қалыптастыруда «көп іс жасалса да, Еуропаның Қазақстан туралы аз білетіндігі алаңдататынын» айтқан. Ал бұл кезде жазушы, «Жер және қазақ тағдыры» жазушылар комиссиясының төрағасы Сапабек Әсіпұлы Саша Коэнді «қысқа мерзім ішінде өз шығармашылығымен әлемнің Қазақстанға деген ықыласын арттырды» деп, «Сатира және юмор арқылы Қазақстанның жетістіктерін танымал етуде қосқан үлесі» номинациясы бойынша «Тарлан» сыйлығымен марапаттау туралы меценаттарға үндеу жариялады.