Accessibility links

Ирақ президенті Иранға сапарын кейінге қалдырды


Ирақ президенті Жалал Талабани Бағдад әуежайының жабық тұрғандығына байланысты көршілес Иран еліне жоспарланған сапарын кейінге қалдырды. Иран басшысы Ирақ және Сирия президенттерін бүгін Теһранда басқосуға шақырған болатын. Бірақ бұл жиынның қашан өтуі белгісіз. Ал Бағдадта сектанттық негіздегі қақтығыстар көбейіп кетті. Шиит соғысушылары кек қайтару мақсатында Бағдадтың суниттер тұратын аймағына шабуыл жасаған, оның салдарынан кемінде 30 адам құрбан болды деп хабарланды. Ал АҚШ әскерінің айтуынша, бүгін коалициялық күштер Бағдадқа жақын жерде 22 бүлікшіні өлтірген.
XS
SM
MD
LG