Лондон полициясы радиациядан уланған Ресей тыңшысы Александр Литвиненконың өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұма күні Британия ресмилері Литвиненконың денесінен сирек кездесетін полоний-210 деген радиоактивті заттың үлкен мөлшерде табылғандығын хабарлады. Литвиненконың досы оқыған мәлімдемеге қарағанда, бұрынғы тыңшы өзінің улануына Ресей президенті Владимир Путиннің қатысы бар деп айыптаған. Путин бұл айыптауларды “саяси арандатушылық” деп атап, оны жоққа шығарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?