Accessibility links

25-қараша Украинада аштық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Сенбі күні Украина Совет диктаторы Иосиф Сталин билігінің 1932-33 жылдарында аштықтан қырылған миллиондаған украиндықтың рухына тағзым етті. Аштық халықтың жері мен азық-түлік, астығын тәркілеп күшпен ұжымдастырудан болғаны айтылады. Кейбір тарихшылар бұл Сталин режимінің Украин халқын жою үшін қолдан жасаған геноциді деп есептейді. Ел үкіметі БҰҰ-ның бұл аштық жылдарын геноцид ретінде мойындағанын қалайды.
XS
SM
MD
LG