Азия ойындарының алауы Кувейтке жеткізілді. 15-ші Азия ойындарының ашылуын көрермен қызу қолдаумен қарсы алды. Ол үдеріс желтоқсанның 1-де аяқталмақшы. Осы күндер барысында Ираннан Өзбекстанға дейін және Индонезия спортшылары 40 спорт түрі бойынша медальдар үшін бақ сынасатын болады. Оның ішінде дәстүрлі футбол, жүзу секілді спорт түрлерімен қатар таза ұлттық, Азиялық ойын түрлері де бар. Олардың қауіпсіздік жағдайында өткізілуі үшін 120 миллион доллар шамасында қаржы жұмсалмақшы. Қатар үкіметінің өзі жалпы алғанда, бұл іске 2 миллиард 800 миллион доллардай инвестиция енгізіп отыр. Оның ішінде қонақ үйлер, стадиондар, жолдар мен уақытша әуе жай терминалдары үшін жұмсалатын ақшалар да бар. Және 600 миллион доллар атлеттер қалашығына жұмсалуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ойындарды теледидар арқылы тамашалайтындар саны көп болмақшы. Еуроспорт телеарнасы да осы ойындардан үзінділер көрсетпекші.
Қарашаның 27-сі күні АҚШ доллары 20 ай ішіндегі ең төменгі көрсеткішіне жетті. Мұның өзі қарашаның 24-і күні психологиялық шекара сияқты көрінген бір жарым долларлық бөгесіннен төмен түсіп, еуроға шаққанда 1 доллар 31 центті құраған еді. Мұның басты себептерінің бірі - АҚШ-тағы экономиканың жайына тіреліп отыр. Атап айтқанда, мануфактура, сауда және құрылыс саласындағы проблемаларға байланысты болуда. Сондай-ақ Құрама Штаттардағы федералдық қаржы тапшылығы да жоғарғы күйінде қалып отыр. Оған Ирақтағы жағдай да әсер етуде. Сонымен бірге АҚШ-тың Қытаймен сауда қатынасының да әсері бар. Атап айтқанда Құрама Штаттар Қытайға тауар сатудан гөрі, тауарды көп сатып алуда. Сондықтан да АҚШ мануфактуралары әлемдік базарда ғана емес, жергілікті базарда да ықпалын жоғалта түскен. Доллардың әлсіреуіне тағы бір себеп - Еуропа экономикасының өркендей түсуіне тікелей байланысты. Еуропа Орталық банкінің таяудағы зерттеулері көрсеткеніндей, еуроның айналымындағы аймақтарда аталған банк ықпалы күшейе түскен. Алдағы уақытта, желтоқсанның 7-дегі кездесуінде банк қызығушылық деңгейінің 3,5 пайызға көтерілетіндігіне сенімді болуда. Дей тұрғанмен, еуроның бұлайша күшеюінің өзіндік қолайсыздықтары да болғалы тұр. Яғни мықты еуро Еуропа экспортына кері әсерін тигіуі мүмкін.
Аң терілерімен сауда жасау халықаралық дәрежеде бірнеше миллиардтаған доллар шамасында пайда әкелуде. Өткен жылы бұл сауда 9 пайызға көтерілген болатын. Ондай табиғи теріден жасалған бұйымдарға тұтынушылар сұранысының зор екендігі белгілі. Дей тұрғанмен, үй жануарларына айрықша құрметпен қарайтын еуропалықтар үшін мысық пен ит терісін сырттан сатып алу және пайдалану деген қолайсыз іс болып тұр. Сондықтан еуропалық сауда саласы бұл тауарлардың импортына және саудасына тиым жариялаған болатын. Соған қарамастан өткен жылы бұл сауда 12 миллиард 800 миллион долларды құраған еді. Аңдар хұқын қорғаушылардың айтуынша, Қытай мен басқа да Азия елдерінде осы тауар үшін жылына 2 миллиондай мысық және ит қырылады екен. Тері бұйымдарымен сауда бойынша халықаралық федерациясы болса, бұл даулы мәселеден бойларын аулақ салып отыр.