Папа Бенедикт 16-ның сапары басталмай тұрып-ақ, бірнеше ондаған мың түріктер бұл келіске қарсылықтарын білдіріп, шеруге шыққан болатын.
Азаттық радиосы тілшілерінің сауалдарына жауап берген студенттер ішінде бұл сапарды қолдайтын бойжеткен де табылды. Стамбул университетінің студенті Өзлем Каршидің пікірінше, Бенедикт мүмкін бізге бейбіт пікірді жеткізуші болар.
Қыркүйектің 12-сі күні Германияда сөйлеген сөзінде папа Ислам жөнінде пікір білдіріп, ол пікірлерге әлем мұсылмандары наразылықпен жауап берген болатын. Оңтүстік Түркиялық студент Марал Гүнеш атты бойжеткеннің айтуынша, папаға бұл жолы бір рет мүмкіндік беріп көру керек. Бұл келістің христиан және мұсылман әлемі үшін маңызы зор. Қазіргі кезде папа Түркиядан басқа мұсылман еліне бара алмайды. Басқа мұсылман елдері папаны қабылдауға әзір емес, деді Марал Гүнеш.
Дей тұрғанмен, кейбір түрік азаматтарын ренжітіп отырған тек Исламға байланысты папаның айтқан сөздері ғана емес екен. Православ патриархы Барсоломей-1 Стамбулда күндердің күнінде Ватикан сияқты мемлекет ішіндегі мемлекет құруы мүмкін, деген түріктер арасында бұрыннан келе жатқан қауіп бар. Ел ішіндегі ұлтшылдардың пікірінше, папаның сөздерін сол патриархқа арнайы қолдау көрсету деп бағалап, мұның өзі күрд сияқты ұлттық азшылықтар арасында тәуелсіздікке одан әрі шақыру әрекеті ретінде қабылдануы мүмкін. Стамбул техникалық университетінің студенті Чагри Гөксел деген жігіттің пікірінше, папаның сапарының астарында саяси мән жатыр.
“Папаның өткенде жасаған мәлімдемесі және одан бас тартпауы, оған қоса папаның Түркияға келгісі келуі, осының бәрі жиылып келіп, менің көкейімде күдік ұялатады. Бұл сапар соңында жаман астар жатпады ма екен деген ой пайда болды”, дейді әлгі студент. Заң факультетінің студенті Афсин Ала да осы пікірді қолдауда.
Тағы бір маңызды сауал- Түркияның Еуропа одағына мүшелікке қабылдану жайы. Папа болғанға дейін Бенедикт 2003-ші жылы Францияның Ле монде басылымына берген сұхбатында бұл мүшелікке қарсы пікір білдірген болатын. Қара теңіз аймағынан келген студент Емре Телчінің пікірінше, “Тіпті папаның экономика, дін саласында қандайда бір салмағы болса да, Түркияның Еуропа одағына қосылу сауалын сол одақ басшыларының өздері шешетін болады. Бұл-солардың жұмысы. Осы мәселеде ватиканның әсері өте-мөте аз болуы мүмкін”, деді Телчи деген студент.
Егер Ватикан соншалықты ықпалды болмаса, онда осынша қарсылық не үшін пайда болуда? деген сауалға Юсуф Сидар Сахин деген Стамбул университетінің студенті; Біз папа жөнінде көп жақсы сөздер естіген емеспіз. Бізде сондықтан ол жөнінде жақсы сезім болмай тұр. Оның бұдан бұрынғы мәлімдемесі біздің намысымызға тиді. Біз оған бәрібір қонақжайлылық көрсетеміз. Бұлай істеу біздің ар-намысымыздың ісі, - деді студент.