Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі - Ауғанстандағы біріккен қауіпсіздік операциясы жағдайы. Осыдан бірер күн бұрын АҚШ президенті Буш НАТО ұйымына мүше елдерден Ауғанстандағы күштерін қысқартпауға шақырған болатын. Оған себеп, Ауғанстандағы талиптер өз шабуылдарын күшейте бастаған. Бүгін НАТО-ның қазіргі кездегі қауіпсіздік шараларына орай жаңа талаптарға икемделуі мәселесі талқыланбақ.