АСТАНА: Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткен 8 күннің ішінде заңсыз түрде республикаға өтпек болған немесе сыртқа шықпақ болған 320 адамның ұсталғанын хабарлады. Қауіпсіздік комитетінің интернет-сайтында бүгін берілген хабарға қарағанда, олардың ішінде контрабандалық жолмен Қазақстанға 2 тоннадан асатын түсті металл алып кірмек болған 3 өзбек азаматы және қазақ-өзбек шекарасынан заңсыз өтпек болған 51 тәжік азаматы бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV