Accessibility links

Рим Папасы: “Түркия – діндер мен мәдениеттердің арасындағы көпір”


АНКАРА: Рим-католик шіркеуінің басшысы Түркияны діндер мен түрлі мәдениет арасындағы “көпір” деп санайды және түрік еліне көптен бері келгісі келді. Бүгін Анкараға 4 күндік сапармен ұшып келген Рим Папасы 16-ншы Бенедикт осылай деп мәлімдеді. Оны әуе жайда түрік премьер-министрі Режеп Тайып Эрдоган қарсы алды. Сонымен қатар 16-ншы Бенедикт Түркияның Еуроодаққа кіруге ұмтылған қадамын қолдайтынын атап көрсетті. Осы тарихи сапарының барысында Рим Папасы Түркияның діни және мемлекет басшыларымен кездеседі.
XS
SM
MD
LG