Күндердің күнінде бұл жердің иелері аяқ астынан табылып, содан биылғы жаз бойы жергілікті биліктің құқайын көрген Алматы маңындағы «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Бақай» секілді елді мекендердің тұрғындары қазір бульдозер тракторлар мен қаруланған полицейлерді көрсе зәре-құты қалмай қорқатын жағдайға барып отыр.
Алайда осы күнге дейін олардың шырылына құлақ асқан ешкім болмады. Полицейлерді алға салып, заңсыз жерге иелік етіп отырған қазақтарды қудалау күзге дейін жүрді. Бір-біріне көнбейтін түр байқатқан ауыл тұрғындары мен полицейлер арасында бірнеше мәрте қақтығыс та орын алды. Оның салдарынан көптеген адам жарақаттанды, тағы көп адам тұтқындалып, істері сотқа барды.
Сонымен екі жақ бір бірімен текетірес қалыпта. Осындай жағдайды болдырмау үшін Қазақстандағы жер телімі мен баспана салу мәселесін дұрыс шешу керек, ол үшін дұрыс заң керек дейді сарапшылар.
Қарашаның 28-і күін Алматыда өткен «Қазақстанда жер телімін беру, үй, баспана салу мәселесіндегі өзекті проблемалар» атты республикалық конференцияға қатысушылар да осы бағыттағы ой-пікірлерімен кеңінен бөлісті. «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосановтың пікірінше, Қазақстанда бүгінде орын алып отырған азаматтарға жер телімін беру баспаналы болуына қатысты қазіргі ауыр жағдайды реттеу үшін елдегі саяси партиялар мен түрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бас-басына тартпай, бір шешімге келіп, бір жаңа заң жасап, оны кешікпей парламентке ұсынғандары жөн болмақ.
Алайда Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов қазіргі парламенттің республикалық маңыздағы осындай өзекті мәселелерді шешуде қауқарсыз екендігін айтады. Өйткені, баспанасыз қалған Бақай ауылының тұрғындарының арыз-өтініштерін алып, олардың зар жылаған ауыр жағдайларын өз көзімізбен көрсекте, қолымыздан ешнәрсе келмеді.Бар болғаны әлгі арыз-өтініштерді өз хатымызға тіркеп үкімет басшысы атына сауал жолдадық, ал одан осы күнге дейін ешбір хабар жоқ дейді ол.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім елдегі осынау жағдайдың шешімін табу үшін билік өкілдерін, парламент депутаттарын және саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және құқықтары аяққа тапталып отырған ауыл тұрғындарының өкілдерін қатыстырған арнайы комиссия құру қажет деп санайды. Бұл үшін тек Алматы көлемінде ғана емес, республикалық көлемде жұмыс істейтін «Шаңырақ» атты қоғамдық қозғалыс құрылатын болды деді ол.