МӘСКЕУ: Мәскеу облысының прокуратурасы 19-ыншы қараша күні Мәскеу түбіне қатынайтын қырғыз азаматын соққыға жыққан мәскеулік 2 азаматқа ресми айып тақты. 2 жігітке “ұлттық төзімсіздік пиғылмен кісі өлтірмек болды” деген айып тағылып отыр. Ертең, жұма күні қамауға алынған үшінші азаматқа да айып тағылуға тиіс. Тергеудің мәлімет бойынша, осы үшеудің соққыға жығуы салдарынан Қырғызстан азаматы ауыр жарақаттар алып, хал үстінде ауруханада жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?