Accessibility links

Вашингтон Солтүстік Кореяның (КХДР) лидерін “сүйікті” коньягінан айырмақшы


ВАШИНГТОН: АҚШ Солтүстік Кореяға арналған коньяк, сигара немесе тау шаңғысының жабдықтары сынды қымбат тауарлардың экспортына тосқауыл қоймақшы. Мұндай шара ресми Пхеньянның ядролық сынақ өткізгені үшін оның сауда қатынасына шектеу қою туралы БҰҰ-ының шешіміне сәйкес келеді. Солтүстік Кореяға арналған қымбат тауарлардың экспортына шектеу қою, Ақ үйдің пікірінше, осы елдегі саяси режимнің мұң-мүддесіне қайшы болып тиеді. Бір мәлімет бойынша, Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ир – коньяктың ең қымбат сортын жақсы көретін көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG