СТАМБУЛ: Бүгін – Түркияға сапарының үшінші күні - Рим Папасы 16-ншы Бенедикт христиандардың іштей жікке бөлінуін бүкіл әлемдік “жанжал” деп атап, Еуропадағы діни сенім-нанымның ежелгі тарихын еске алды. Бұл пікірін понтифик патриарх Бартоломей бастаған Константинополь шіркеуіндегі діни мерекеге барған сәтінде естіртті. Ватикан мен православие шіркеуінің арасындағы мың жылдан бері жалғасқан кикілжіңді жоюға тырысу – Рим Папасы 16-ншы Бенедиктің Түркияға келген 4 күндік сапарының басты мақсаты болған көрінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы