Бүгін Британияның патолог мамандары Литвиненконың мәйітін тексеруден өткізеді. Ал тергеушілер қазір қалайша Литвиненконың денесіне радиоактивті полоний-210 улы затының түскенін тексеруде. Осы уақытқа дейін радиоактивті қалдықтар Литвиненконың тергеу ісіне қатысты 12 жерден табылған. Олардың ішінде Мәскеу мен Лондон бағытындағы British Airways компаниясының кемінде екі ұшағы бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV