Accessibility links

Бұрынғы Ресей премьер-министрі оппозицияны сайлауға бойкот жариялауға шақырды


Бұрынғы Ресей премьер-министрі Михаил Касьянов оппозицияны келесі жылы елде өтетін парламенттік сайлауларға бойкот жариялауға шақырды. Рейтерс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Касьянов ол сайлау “демократия еліктемесі” болмақ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми Кремль сайлауда тек билікті жақтайтын партиялардың ғана жеңіске жетуіне мүмкіндік жасайды. Касьянов 2008-ші жылы болатын президент сайлауына оппозиция жағынан кандидат ретінде түспекші.
XS
SM
MD
LG