Accessibility links

Еуроодақ өзіне қажетті уранның едәуір бөлігін Қазақстаннан сатып алуы мүмкін


БРЮССЕЛЬ: Кеше Еуропа Одағының Әділет министрлері Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың құрамдас бөлігі ретінде ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды мақұлдады. Қазақстан – уран өндіруден бүкіл әлемде үшінші орында келеді. Бірақ Еуроодақ өзіне қажетті уранның 3 пайызын ғана Қазақстаннан сатып алады. Астана мен Брюссель арасындағы келісім ядролық қауіпсіздік, ядролық материалдармен сауда және осы саладағы ғылыми зерттеулерді қамтиды. Бұл келісімге Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Брюссельге сапарының барысында қол қойылды.
XS
SM
MD
LG