Астана мектептеріндегі балалар көптігі соншалық бір сыныпта 25 баланың орнына 35 баладан отырады, дейді жергілікті ата-аналар. Балалардың денсаулығын зерттеген дәрігерлер Астана оқушыларының 30 пайызында омыртқалары қисайған деген мәлімдеме жасаған. Себебі кей жағдайда бір орынға екі бала отырады. Бұл олардың денсаулығына тиген кеселдің біреуіғана, дейді бақылаушылар. Астанадағы 51 мектептің 3 сынып оқушысы Анар Ақылбековада осы мәліметті құптап отыр:
- Мен мектептенсоң биге барам. Менің достарымның ата-аналарында үйірмеге баруға ақшалары жетпейді. Сол үшін олар далада темекі тартып, есірткі тұтынады.
Қазақстанда ресми мәлімет бойынша 5 мыңға жуық жасөспірім есірткі тұтынады. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновойдың айтуынша қазақстандық жеткіншектердің 15 пайызы темекі тартады. Көбісі токсикомандар.
Ал, ресми мәлімет бойынша соңғы 7 жылда Қазақстандық 306 баланы шетелдіктер асырап алған. Олардың көбісінің денсаулықтарының ақаулары бар. Қазақстанның әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша қазақстандық балалардың шет елге кетуі жалғасып жатыр:
- Қазір біздің мемлекеттен ай сайын шет елге бірнеше балаларды алып кетеді. Бірақ қазір заң ретінде мәселені жоя алмаймыз.
Ал, «Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы Астанадағы жәрдемдестік қауымдастығының» төрағасы Жекен Қалиұлының айтуынша қазақстандық бабалар құқын қорғау үшін қозғалыс керек:
- Балалар үйінде тәрбиленіп жүрген немесе көшедегі ата-аналары кедей балаларды қамқорлыққа алу жөнінде қозғалыс керек сияқты. Сондықтан мына жетімдерді өз отанында қалдыру жөнінде үндеу жасап қоғам қайраткерлері ұсыныс жасау керек.
Ал, жетімдер үйінің басшылары болса шет елге шыға алмаған ата-анасының қамқорынан айырылған және мүгедек балаларға жағдай жасалмаған деп отыр. Ресми мәлімет бойынша соңғы 10 жылда Қазақстандағы жетімдерге арналған балалар үйінің саны 3 есеге көбейген. Ал ата анасының қарауынан айырылған балалар саны 96 мыңға жетті, деп хабарлайды үкіметтік емес ұйымдар. Ал, «Қазақстанның тестілеу ұлттық орталығының» директоры Тахир Балықбаевтың айтуынша жетімдермен мүгедектерге берілген білім гранттарның квотасы биылда өзгермеген:
- Жетімдерге мемлекеттік тапсырыстың 1 пайызы бөлінеді, мүгедек балаларға жарты пайыздық квота бар.
Ал, жетімдер үйінің басшылары болса ата-анасының қамқорынан айырылған балаларға жетімдер үйінен шыққанда не бәрі 7 мың теңге беріледі, сондықтан ол бала қылмыстық жолға түсуге мәжбүр деген пікір таратқан. Ал, Қазақстанның әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша соңғы кезде жеткіншектер арасында қылмыскерлер азайған:
- Мемлекетте бүгін балаларға арналған 4 колония бар. Онда 428 қылмыскер бала отыр. Олардың саны жылдан жылға азайып бара жатыр.
Ал, «Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы Астанадағы жәрдемдестік қауымдастығының» төрағасы Жекен Қалиұлының айтуынша балалар істерімен айналысатын министрліктерде ауызбіршілік жоқ:
- Құқық қорғау органдары, білім беру органдары жұмылып балалардың арасындағы қылмыс жөнінде комиссия құру керек. Сосын күресті бастау керек. Қазір бізде әр министрлік өзінше.
Қазақстан 1999 жылы балалар құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияны бекіткен. Жоғарыда аталған проблемалардың көбісі осы құжатта айтылады. Бірақ, Қазақстанға келген шетелдік мамандардың кейбіреуі құжатты қабылдапқана қоймай ондағы талаптарды орындау керек деген.