Accessibility links

Ауғанстанда әйелдердің теңдігі мен құқық нормалары қалай іске асып жатыр?


Ауғанстандағы Талибан билігінің құлауынан бері 5 жыл уақыт өтсе де пайда болуға тиісті жаңа қоғам мен мекемелердің табиғатына байланысты сауалдар әлі де жауапсыз қалып отыр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының демократия және ғаламдық істер бойынша орынбасары Пола Добриански ханым (Paula Dobriansky) ресми Вашингтонның түсінігі бойынша Ауғанстанға теңдік пен құқықтық нормаларды қалай енгізуге болатыны туралы әңгімелеп берді. Добриански ханым “Азаттық” Радиосының Ауғанстан туралы, оның ішінде әсіресе – осындай партиархалдық қоғамдағы әйелдің рөлі туралы сұрақтарына жауап берді.

“АЗАТТЫҚ”: - Талибан билігі құлағаннан кейінгі 5 жылда Ауғанстан едәуір алға жылжыды. Бірақ, сонымен бірге, тәліптердің қайта бас көтере бастағанын, заңсыз апиын өндірісі мен саудасының кең етек жайғанын, жемқорлықтың терең тамыр жібергенін және қайта құру жұмыстарының баяу жүріп жатқанын байқап отырмыз. Қандай нәрсе ойлағандай іске аспады және Ауғанстан құрдымға кетіп бара жатқан жоқ па?

П.ДОБРИАНСКИ: - Менің ойымша, біз, ең алдымен, өте қиын кезеңде Ауғанстанның шынында да айтарлықтпай жетістіктерге жете алған фактісін қарастыруымыз керек. Ауғанстан ондаған жыл бойы соғысты бастан кешті, соғыстан күйреді. Міне осыны ескергенде, менің ойымша, ауған халқының бірігуі, олардың конституцияны қабылдауы, құқықтық нормалардың жүйесін қалыптастыруы, судья болу үшін ерлер мен әйелдердің де қатар оқуы және баршаның құқын қорғау үшін өміршең инфрақұрылымды құру үшін олардың президент Х.Қарзайдың басшылығымен іс атқаруы айтарлықтай жетістік.

Сонымен қатар Ауғанстанның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге күш жұмсалды. Соғыстан күйреген ауған халқының көпшілігі, өкінішке қарай, есірткі саудасына араласты. Көкнәр егістіктерін жойып, халықты табыстың өзге көздерімен қамтамасыз ету үшін оларды оқытуға да жақсы күш-жігер бағытталып отыр.

Менің ойымша, біз Ауғанстанның осындай қысқа уақыттың ішінде қаншалықты алға жылжи алғанына қарауымыз керек.

“АЗАТТЫҚ”: - Осыдан 5 жыл бұрын Американың шенеунектері мен халықаралық қоғам бірауыздан Ауғанстандағы әйелдердің құқын көтерді. Бірақ қазір біз ол проблеманың азайғанын, оған бұрынғыдай зор назар аудару жоқ дегенді естиміз. Ауғанстандағы әйелдердің құқын қорғауды АҚШ әлі қанша уақыт өзінің міндеті санайды?

П.ДОБРИАНСКИ: - Оған айрықша қарайды. Іс жүзінде кеше ғана мен Джорджтаун университетінде бірінші ханым Лора Бушпен бірге болдым. Біз әйелдердің американ-ауған кеңесін және қоғамдық та жеке-меншікті әріптестіктің кеңейген оқиғасын көрдік. Бұл – біздің міндетіміздің бір-ақ мысалы. Өткен жылы, 2006-ыншы бюджет жылында, тек әйелдерге көмек көрсетуге ғана шамамен 69 млн. доллар бөлінді, ал 2007-нші жылы бөлінетін қаржы одан да көп. Біз ауған әйелдерінің көздеген мақсат-мұраттарына жете алғанын көргіміз келеді. Біздің ерекше назар аударатын 4 сала бар. Барлығы да білім беруге қатысты. Бізді қуантатыны - жас қыздар мектепке оралды.

Одан да кіші қыздар да мектепке баруға тиіс, оны біз білеміз. Қалалық мекендерде ғана емес, әсіресе ауылдарда. Сондай-ақ біз әйелдердің экономикаға да араласу мүмкіндігі болғанын көргіміз келеді.

Мен мына нәрсені айтуым керек: 1 жыл бұрын менің Ауғанстанға баратын жолым болды да, барғанымда, әлі есімде, мен өзінің шағын кәсіпорны бар 70-90 әйелге кездестім. Олар сары май мен жиһаздан бастап, қағаздан бұйым жасау мен қолөнер тауарларын шығарады. Бұл өте маңызды және, менің ойымша, біз әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Денсаулық сақтау саласы - әлі көп нәрсе атқарылатын сала. Қаншама жаңа клиника салынды, ауруханалар қайта жөнделді.

“АЗАТТЫҚ”: - Бүгінгі Ауғанстандағы ең маңызды проблеманың бірі – ауған үкіметінің, әсіресе – ауған парламентінің ішінде Ауғанстандағы әйелдердің құзырын жойып, әйелдердің өсіп-өнуіне бөгет болғысы келетін кейбір консервативтік элементтің барлығы. Өзінің демократияландыруға бағытталған іс-әрекетінде АҚШ осы проблеманы шешу үшін не істемекші? Сондай-ақ АҚШ ауған билігі ішіндегі осындай қатермен қалай күреседі?

Пола Добриански ханымның айтуынша, қарым-қатынастың, көзқарастың өзгеруі аяқастынан бола қоятын нәрсе емес. Әсіресе ауған әйелдерінің өздерімен түрлі пікір алмасу барысында олар қарым-қатынасты өзгертудің ең жемісті стратегиясы туралы өз ойларымен бөлісті. Добриански ханымның сөзіне қарағанда, ауған әйелдері әйелдің білімді болғанын бірінші кезекке қойса, екінші кезекке - әйелдің өз құқын жақсы білуін қойған.

Іс жүзінде, деп атап көрсетеді Пола Добриански ханым, әйелдің өз құқын көбірек білуі жолында радио маңызды құрал болды. Өйткені, ауылдың кейбір сауаты жоқ әйелдері өзінің құқын радиохабарлардан тыңдап біледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG