АҚШ Конгресінде құрылған жоғарғы деңгейдегі комиссия тобы президент Джордж Буштың Ирақтағы саясаты жүзеге аспай жатыр деген қортындыға келді. Олар Буш әкімшілігін дипломатиялық қадамдармен Ирақты тұрақтандыруға әрі 2008 жылдың басына дейін Құрама Штаттар күштерін Ирақтан шығаруға мұрсат беруге шақырды. Ирақты зерттеу тобының теңтөрағасы, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джеймс Бэйкер Уашингтондағы журналистерге сәрсенбі күні айтқанында, қолда бар деректер Құрама Штаттарды Ирақтық күштерді көбірек әскери жаттығудан өткізуге үндеп отыр деген. АҚШ президенті Джордж Буш бұл Ирақты тұрақтандыру жөніндегі Құрама Штаттар комиссияның есебін ыждахаттытүрде ескеруге сөз берді.