АҚШ әскерилерінің мәліметіне қарағанда, Бағдадтың солтүстік аймағындағы шабуыл операциялары кезінде бүгін күдікті делінген 20 ал-қайдалық өлтірілді. Олардың арасында екі әйел де бар. Оңтүстік Ирақта мыңнан астам британиялық және даниялық әскерлер Басра маңайында шабуыл жасап, 5 әскери жетекшіні тұтқындады. Оларға одақтас күштерге қарсы шабуыл жасаған деген айып тағып отыр. Бұл арада жол бомба шабуылынан АҚШ-тық бір сарбаз қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?