Accessibility links

Мәскеудегі 17-наркологиялық ауруханада болған өрт қасақана жасалған болуы мүмін


Бұл жөнінде Мәскеу қаласының бас прокуроры Ю.Семин былай деді:

- Біз өрттің қайдан шыққандығы жөніндегі барлық себептерін зерттейміз. Бәлкім, бұл өртті бірер қаскөй қасақана жасауы да мүмкін деген күдік бар.

Түнде болған бұл өрттен кемінде 45 ауру әйел қаза тапқан. Ауыр халдегі 8 адамға дәрігерлік көмек берілуде. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктен Ю.Ненашевтің айтуынша, Мәскеудің оңтүстік ауданында болған бұл өрт қасақана жасалған. Ол ауруханадағы науқастар нашақорлықтан ем алып жатқан екен.
XS
SM
MD
LG