Иран Ирақ мәселесін реттеу жөнінде Америка Құрама Штаттарына шарт қойды. Иран сыртқы істер министрі Манучехр Мотаки Америка Құрама Штаттары Ирақтан әскер шығарамыз десе Вашингтонмен тікелей келіссөз өткізуге дайынбыз деді. "Бірақ Америка Құрама Штаттарында бұл жайында саяси ынта көріп отырған жоқпыз", - деді Иран министрі. АҚШ комиссиясы Ирақ мәселесін реттеуге Иран мен Сирияны қатыстырған жөн деп осы аптада ұсыныс айтқан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?