Accessibility links

Қырғызстанда “Хизбут Тахрир” мүшелері тұтқындалды


Қырғызстанның құқық қорғау агенттіктері тыйым салынған радикалды “Хизбут Тахрир” діни ұйымының астыртын бөлімшесін жойды. Бұл туралы Бішкек полициясының басшысы Молдомуса Қонғантиев хабарлады. Оның айтуынша, аталған ұйымның мүшелері жұма күні Бішкекте жүргізілген рейд барысында тұтқындалған. Полиция көп экстремистік діни кітапшаларды тәркіледі, деді Қонғантиев. “Хизбут Тахрир” ұйымы Орталық Азияда халифат орнатқысы келетінін айтуда.
XS
SM
MD
LG