Accessibility links

Ирақ мәселесін зерттеу жөніндегі АҚШ комиссиясының ұсыныстары қаншалықты өміршең?


Ирақ мәселесін зерттеу жөніндегі АҚШ комиссиясының баяндамасы көптеген америкалықтар тарапынан қолдау тапты. Олар баяндама тұжырымдары Ирақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға септігін тигізеді деп үміт білдіреді. Дегенмен кейбір бақылаушылар мақтаумен қатар сыни пікірді де айтып отыр. Солардың бірі – Таяу Шығыс саясаты институтының маманы Деннис Росс. Ол кезінде АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы арнайы елшісі болған.

Комиссияның негізгі ұсынысының бірі - Ирақ мәселесін шешуге Ирақтың ең үлкен екі көршісі Иран мен Сирияны қатыстыру ойы екені аян, президент Джордж Буш Иран және Сириямен тікелей сөйлессін, осы екі елді келіссөздерге қатыстырсын деп айтылған. Иран мен Сирия Ираққа өте үлкен ықпал жасай алады деп айтылады. Деннис Росс келіссөз ойымен келіседі, бірақ Иран мен Сирия шынында да көп нәрсе жасай алады деп Америка Құрама Штаттары үміт артса қате болады дейді. Иран мен Сирияға сенім артсақ, олар өздерінің мәртебесін асыра қабылдаулары мүмкін, келіссөз барысында Америка Құрама Штаттарына артық талап қоюлары мүмкін, дейді Деннис Росс. Осы маман АҚШ-тың екі партиясы өкілдерінен құралған комиссия орындалулары қиын ұсынысты тым көп айтты, ұсыныс кіргізу оңай, ұсынысты іске асыру әлде қайда қиын дейді.

Деннис Росс Иран мен Сирияны керек, бірақ олар Ирақтың барлық көршілерімен тең дәрежеде қатысу керек, Иран мен Сирияны көптен бөлмеген абзал, олардың мәртебесін өсірмеген абзал дейді. Олар Ирақ мәселесін зерттеу комиссиясы ұсынған халықаралық топ шеңберінде қатыса ма, жоқ әлде аймақтық конференция сияқты шараның шеңберінде қатыса ма – олардың қатысу дәрежесін нақты өлшеп алу керек, дейді Деннис Росс:

- Күн тәртібін мейлінше нақты белгілеп алу керек. Мақсат белгілеп алу керек. Олар өздеріне қандай міндеттеме алса жөн деп ойлайсыз? Олардың міндеттемелерін қалай орындайтынын тексеру жолдарын қарастыру керек. Басқаша айтқанда, Иран мен Сирияны топтың құрамдас бөлігі ретінде қабылдау керек, оларды бөліп қарамау керек. Олардың маңыздылыған нақты деңгейінен асырмау керек.

Деннис Росс Ирақ мәселесін Иран мен Сирия арқылы емес, Иранның өз ішінде шешу керек дейді. Деннис Росс Иран мен Сирия Ирақта бейбітшілік орнатуға нақты әрекет жасаса да мұның нәтижесі шамалы болады дейді. Дегенмен Деннис Росс Израиль-Палестина мәселесін шешу әрекеті Ирақтағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді дейді, АҚШ комиссиянының осы ұсынысымен келіседі. Бірақ Израиль-Палестина мәселесін шешу әрекетімен қатар Ирақ төңірегінде кең-көлемді дипломатиялық әрекет жасаған абзал дейді. Қорыта келгенде, Таяу Шығыстағы көптеген мәселе бір бірімен байланысты, сондықтан аймақ мәселелерін кең көлемде шешу әрекеті керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG