Президент Хамид Карзай Ауғанстандағы қарапайым халық НАТО күштерінен аулақ болуы керек деп мәлімдеді. НАТО альянсы қақтығыстарда қарапайым азаматтардың құрбан болуына жол бермеу үшін бір әдісті ойлап табуы тиіс, деді президент Карзай. Бұл туралы ол елдің оңтүстігіндегі жергілікті басшылармен өткізген келіссөзінде айтты. Соңғы жылы Ауғанстанның Забул, Орузган, Қандағар және Хелманд провинцияларында талибандықтардың шабуылдары жиі орын алуда. Президент Карзай, сондай-ақ, Ауғанстандағы зорлық-зомбылықтың өршіп кеткендігіне Пәкістан үкіметі жауапты деп мәлімдеді.
Президент Х.Карзай Ауғанстандағы зорлық-зомбылықтың өршіп кеткендігіне Пәкістан үкіметі жауапты деді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV