Accessibility links

Беларусь оппозициясының лидері 50 мың евродан бас тартты


Беларусь оппозициясының лидері Александр Милинкевич Еуропа Парламентінің адам хұқтары жөніндегі сыйлығымен берілетін 50 мың евродан бас тартты. Сейсенбі күні Андрей Сахаров сыйлығымен марапатталған Милинкевич “бұл сыйлық Беларусь еліндегі бостандық үшін күресіп жатқан барлық азаматтарға арналған” деді. Милинкевичтің баспасөз қызметі Еуропа Одағынан ол ақшаны билік тарапынан қысымға алынып жатқан Беларусь азаматтарына көмектесу үшін жұмсауды сұраған.
XS
SM
MD
LG