Accessibility links

Еуроодақ делегациясы Әндіжан оқиғасын талқылауда


Еуроодақ делегациясы өткен жылы мамыр айында Әндіжанда орын алған қанды оқиғаларды Өзбекстан ресмилерімен талқылап жатыр. Финляндия дипломаты Пекка Ойнонен Азаттық радиосының Өзбек қызметіне берген сұхбатында Еуроодақ делегациясы сапары барысында Әндіжанға баруды жоспарлап отыр деді. Өзбекстан билігінің айтуынша, шетелден қаржыландырылған діни экстремистер Әндіжан қаласын өз бақылауына алған соң ол оқиғада 187 адам қаза тапқан. Бірақ адам хұқын қорғаушылар үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атып, жүздеген қарапайым халықты өлтірген дейді. Президент Ислам Каримов ол оқиғаның тәуелсіз халықаралық түрде тергелуіне жол бермеген болатын.
XS
SM
MD
LG