Тәжікстан президенті күзетшілерінің бұрынғы басшысы Ғафур Мирзоев түрмедегі жағдайына байланысты наразылық танытып, аштық жариялады. Бұл туралы Мирзоевтың адвокаттары хабарлады. Олардың айтуынша, билік орындары Мирзоевқа өз адвокаттарымен кездесуге рұқсат бермей отыр. Мирзоев адамды өлтірді деген айыппен тамыз айында өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ Мирзоевтың өзі оған тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.