Accessibility links

Алматыда аймақтағы темір жол арқылы жүк тасымалы мәселесінде орын алып отырған кейбір проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды


Желтоқсанның 15-і күні Алматыда Орта Азиялық кәсіпкерлер қауымдастығы мен Қазақстан кәсіпкерлері форумы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Аймақтағы теміржол тасымалы: оның проблемалары мен болашағы» атты дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Оған Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның кәсіпкерлер ұйымының өкілдері, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының және Қазақстанның көлік және байланыс министрлігінің сондай ақ кеден қызметі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жиынына қатысушы кәсіпкерлер ұйымының өкілдері аймақтағы темір жол жүйесі арқылы жүк тасымалы мәселесінде көптеген қиындықтардың барлығын атады. Қазақстан кәсіпкерлер форумының Алматы қалалық бөлімшесінің төрайымы Мунавара Палташаваның айтуынша, темір жолы жүк тасымалында орын алып отырған бұл қиындықтың екі түрлі себебі бар болмақ. Біріншісі, аймақтағы темір жол жүк тасымалы жүйесі әбден ескірген сондықтан оны жаңалау, жөндеу қажет болса ал екінші себеп ол шекаралық жүк тасымалына қойылатын кедендік бақылау қызметі үстінде басқадай бақылау органдарының отырғандығы жүк тасымалы мәселесін одан әрі қиындатып отыр дейді ол.

М.Палташаваның айтуынша темір жолы жүк тасымалы мәселесінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстың нашар болуы және жүк тасымалы тарифінің дұрыс жасалмауы сондай ақ ‘Қазақстан темір жолы‘ ұлттық компаниясы іс қызметінің ашық мөлдір болмауы бұл жағдайды одан бетер қиындатып отыр.

Осы теміржолы жүк тасымалы мәселесіндегі кейбір қиындықтардың қандай себептерден туындап отырғандығын білу мақсатында дөңгелек үстел жиынына қатысушы ‘Қазақстан теміржолы‘ ұлттық компаниясының жүк тасымалы басқармасының маркетинг бөлімі бастығының орынбасары Асел Смағұловаға сұрақ қойған едік, алайда ол бұндай сұраққа өзінің жауап бере алмайтындығын ондай құқығы жоқ екендігін айтты.

Ал Алматы қалалық кеден комитеті төрағасының орынбасары Серік Ташкенбаев аймақтағы темр жол арқылы жүк тасымалы мәселесінде бірқатар қиындықтардың барлығын растады. Оның айтуынша жүк тасымалына қатысты арнайы заң қажет болмақ сондай ақ қәзіргі жағдайда жүк тасымалы тарифтерін халықаралық талап, нормаларға сай жасау қажеттігі туып отыр.

Қырғызстандағы жүк тасмалдаушылар қауымдастығының төрағасы Темірбек Шабданәлиевтің айтуынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы темір жол арқылы жүк тасымалы мәселесінде бірқатар проблемалық мәселелер орын алып отыр. Кеңес заманында Қырғызстан темір жолы Алматы темір жолының бір бөлімшесі ретінде жұмыс істеп келіпті. Енді заман басқаша, алайда Қазақстан президенті Н.Назарбаев Қазақстанның темір жолы арқылы тасымалданатын Қырғызстанның жүктерін ішкі тариф бойынша яғни арзандау жолмен жеткізу жөнінде айтқан алайда президенттің бұл айтқаны әлі күнге дейін іске аспай отыр. Қырғызстан өз жүктерін Қазақстан арқылы ішкі тарифтен 30 прцентке қымбат халықаралық тариф бойынша тасымалдап отыр дейді ол.
XS
SM
MD
LG