Accessibility links

АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі жазушы Пастернактың Нобель сыйлығына ие болуына көмектесті ме?


1958-жылы әдебиет саласындағы халықаралық сыйлықты тапсырар кезде Нобель комитеті, жазушы Борис Леонидович Пастернакқа бұл сыйлық қазіргі заманғы лирикалық поэзияда және ұлы орыс эпикалық дәстүрінде қол жеткізген үлкен табыстары үшін берілді, деген болатын.

Ол кездегі Совет одағына белгілі болған Пастернактың «Доктор Живаго» шығармасы еді, сонымен ол сыйлық арқылы Батыс елдеріне де әйгілі болды. Бұл романдағы драмалық, трагикалық махаббат тарихы Ресейдегі большевик төңкерісінің аласапыранына қарсы жазылған болып, көптеген оқушыларға бұл классикалық романның бір үлгісіндей еді.

«Доктор Живаго» алғаш рет 1957-жылы Италияда басылып, одан кейін де бірнеше рет жарық көрді. Ал 1958-жылдың көктемінде француз жазушысы және философы Алберд Гамус Пастернактың сол кітабын Нобель сыйлығына ұсынды. Дегенмен, әдебиет зерттеушісі Иван Толстойдың айтуынша, бұл арада бір ерекше жағдай болған.

- Орыс тіліндегі мәтін бойынша проблема болды. Алғаш 1956 жылы, сол кездегі Совет одағындағы негізгі баспахана – Мәскеудегі ГосЛитИздат кітапты басамыз деп уәде етті. Ал 1956-жылғы қазандағы Мажарстан уақиғаларынан кейін Совет одағының саясаты күрт өзгерді. Ешқандай либерализация, еркін поэзияға, проза немесе драматургияға жол берілмеді. Сонымен ол кезде айтылатындай, гайканы мықтап бұрау - яғни қатаң бақылау – жаппай цензура басталды, - дейді Иван Толстой.

Міне сол кезден бастап, Живагоны Батыс елдерінде орыс тілінде басып шығару жиілей бастаған. Бірақ сол кездегі Совет одағындағы саяси жағдай барынша қиындай түскен кезде Пастернактың батыстағы қолдаушылары да «Доктор Живагоны» басып шығарудың өздеріне қауіпті екендігін сезе бастаған.

Романның орыс тілді басылымының тарауына АҚШ Орталық барлау агенттігінің мүдделі болатын. Толстойдың айтуынша, Барлау агенттігі Живагоның орыс тілінде батыста басылуын түрлі жолдармен іске асырған.

Ал ол шараның мәні Пастернак үшін Нобель сыйлығынан да артықтау болатын. Сондай шараның арқасында бәлкім жазушы Пастернак өлімнен де аман қалған болар.

- Пастернак, міне, сол операция жөнінде білді ме? Әрине жоқ. Пастернактың онымен шарауасы болған жоқ. АҚШ барлау агенттігі жазушының атағын әлемге жаю үшін барлақ қаражатын аямады. Ал Нобель сыйлығы Пастернакты советтік түрмеден алып қалды. Американдық барлау агенттігі ұлы орыс жазушысын төтенше жағдайдан құтқарып қалды, - дейді Иван Толстой.

Дегенмен Советтік әкімшілік Пастернакты ол сыйлықтан бас тартуға мәжбүр етті. Бірақ жазушы қайтыс болғаннан кейін 1960-жылы ол сыйлық Пастернактың Переделкинодағы үйіне қайта оралды. Сондықтан Пастернактың тағдыры өзге замандастарына қарағанда шүкіршілік еді.

Иван Толстойдың айтуынша, Американың советтік идеология және коммунизм мен күресте мәдениет және өнерден пайдалануы бұл қырғи-қабақ соғысы кезінің драмасы болатын.

- АҚШ разведкасы – барлау агенттігі, американдық саясат, бұл орайда Кремлдік идеологияға, коммунизмге, советтік үкіметке қарсы улау, ұрлау және басқада орынсыз әрекет-тірліктер арқылы емес, орыс мәдениетінің көмегімен-ақ күресті, - дейді Толстой.

Әдебиет зерттеушісі Иван Толстойдың ерекше тоқталып ескертетін бір қызықты жағдай: «Доктор Живагоның» толық, түзетілген нұсқасы романға Нобель сыйлығы берілгеннен кейін араға 9 жыл салып жарық көріпті.
XS
SM
MD
LG