Accessibility links

Дел Понте Сербия мен Боснияны соғыс қылмыстары күдіктілерін тығып отыр деп айыптады


БҰҰ-ның соғыс қылмыстары жөніндегі бас прокуроры Карла Дел Понте, Сербия мен Боснияны Босния соғысындағы жетекшілерді тығып отыр деп кінәлады. Оның айтуынша, жұма күні Қауіпсіздік кеңесі Радован Караджич пен генерал Ратко Младичті алу үшін екі елге қысым жасаған. Ол екеуі Гаага сотының іздеуіндегі күдікті адамдар. Краджич пен Младич 1995 жылы Сребреницада 8 мың мұсылман ерлер мен ұл балаларды қыруды ұйымдастырды деп айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG