Ирандағы жергілікті кеңестерге сайлау нәтижесінің көрсеткеніндей, ешқандай партия басым көпшілік дауысқа ие бола алмаған. Ал негізгі бәсеке реформашылдар мен консерваторлар арасында өтті. Желтоқсанның 15-інде өткен сайлау қатаңқолды президент Ахмединежаттың ел арасындағы абырой-беделінің деңгейін анықтады.Сарапшылар Ассамблеясы үшін өткен сайлаудың көрсеткеніндей Иранның бұрынғы президенті Али Рафсанжани өзінің әсіре консервативті бәсекелесінен басымдау дауысқа ие болған.