ТАЯУ ШЫҒЫС: Жексенбі күні бітімге келуіне қарамастан, бүгін Газа аумағында “Хамас” ұйымы мен ФАТХ қозғалысының өкілдері өзара тағы да қақтығысып қалды. Газаның бірнеше ауданында атыс болғаны туралы хабар түсіп жатыр. Қанша адамның жапа шеккені туралы әзірше мәлімет жоқ. Кеше тараптар өзара бітімге келгенше кем дегенде 3 адам оққа ұшты. Палестинадағы ахуал оның лидері М.Аббастың Автономияның төрағасы мен парламентін мезгілінен бұрын қайта сайлау жоспарын жариялағаннан кейін күрт бұзылды. “Хамас” ұйымы оған түбегейлі қарсы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?