Accessibility links

Қызыл Крест комитетінің кейбір қызметкері босатылды, тағы 2 АҚШ жауынгері қаза тапты


БАҒДАД: Жексенбі күні Ирақ астанасындағы бас кеңсесінен 20-дан көп қызметкерінің ұрлануы салдарынан Ирақтың Қызыл Крест және Жарты Ай комитеті Бағдадтағы жұмысын доғаратынын мәлімдеді. Соңғы хабарға қарағанда, содан бері комитеттің кейбір қызметкері аман-есен босатылғанға ұқсайды. Оның алдында Ирақтың Қызыл Крест комитеті кісі ұрлаушылардан Бағдадт кеңсесінің барлық қызметкерін дереу босатуды талап еткен болатын. Онымен қарама-қатар Ирақтағы АҚШ армиясы Әл-Анбар өлкесіндегі шайқаста 2 жауынгерінің қаза тапқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG