ВЕНА: Нәсілшілдік пен өзге халықтарды жеккөрушілік құбылыстарын зерттейтін Еуропалық орталықтың ізденісі бойынша, Еуропаның мұсылмандары “исламды жек көрушіліктің” кең етек жая түскенін, оның ішінде әсіресе жұмыста және тұрғын үй мен қозғалмайтын мүлік нарығында нәсілшілдік шеттетулерді көп сезінеді. Штаб-пәтері Венада орналасқан осы орталықтың директоры Винклер ханымның атап көрсетуінше, “Еуроодақ елдерінің көпшілігінде мұсылмандарға немқұрайды қарайды; олардың білімі төмен бағаланады; жұмыссыздық мұсылмандардың арасында басымырақ”. Жаңа зерттеу Еуропа елдерінің үкіметтерін ынтымақтасу саясатын күшейтуге шақырады. Осы зерттеуге сәйкес, Еуропаның 15 млн. мұсылман халқы да ынтымақтасуға көп күш жұмсауға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі