Accessibility links

Палестина автономиясында екінші бітім-шарты күшіне енді


РАМАЛЛА: Палестинадағы өзара жанжалдасқан ФАТХ қозғалысы мен “Хамас” ұйымының арасындағы жаңа бітім Астана уақыты бойынша бүгін таңғы сағат 3-те күшіне енді. Осы екі ұйымның арасындағы алғашқы бітім-шарты 1 тәулікке де жетпей бұзылған болатын. Палестина автономиясының төрағасы әрі ФАТХ қозғалысының лидері М.Аббастың кезектен тыс сайлау өткізуге шақыруынан соң шыққан осы жанжалдан соңғы бірнеше күннің ішінде кем дегенде 6 адам құрбан болды. “Хамас” кезектен тыс сайлау өткізуге түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG