Accessibility links

Ет жейтіндерден гөрі вегетариандардың ақыл-ойы күштірек бола ма?


Сіздің анаңыз үнемі сізге көкөніс жеуді ескертіп отырды ма? Егер көкөністі таңдап жейтін болсаңыз, ересек кезіңізде ол анаңыз үшін емес сіздің өз санаңыз үшін қажет болатыны туралы британиялық ғалымдар айтып отыр. Британ ғалымдары ересек кездегі ет жемейтін вегетариандықтар мен балалардың жоғарғы санасы арасындағы байланысты зерттеп көрген еді. Енді осы жайындағы жаңалықтың егжей-тегжейі бүгінгі ғылыми жаңалықта айтылады.

Британия ғалымы Кэтрин Гэйл “Бритиш Медикал Жоурнал” басылымында жақында жарық көрген зерттеулердің жетекші авторы. Ол және оның әріптестері 1970 жылы туылғандардың мектеп жасынан үлкейгенге дейінгі кезін бақылап, 17 мыңнан аса баланы зерттеуге алған. 30 жасқа келгенде вегетариандық болған балалардың ақыл-ойы дамуының коэфиценті орташа есеппен алғанда олардың ет жейтін замандастарына қарағанда, 5 есе жоғары болған. Ғалым Гэйлдың айтуынша, олардың саналырақ болуына шпинат немесе саумалдық шөбін көп жегеннен емес екенін айтады.

“Біз олардың диетасы оларды жарқын етіп көрсетуі екіталай екенін білеміз, өйткені олардың ақыл-ой санасының коэфицент көрсеткіші олардың басым бөлігі вегетариандық болғанға дейін өлшенген. Олардың аз ғана бөлігі 10 жасында вегетариандық болды. Сол себепті, бұл бәлкім қарама-қайшы бағытта жұмыс істеп, саналы бала сияқты сіз өз диетаңызды үлкен қам-қарекетпен таңдап, не жеп отырғаныңызды көбірек ойлауға мәжбүр боласыз.”

Ғалымның сөзіне қарағанда, зерттеуге қатысқан ақыл-ойы жоғарырақ болған балалардың кейін семіздікке ұшырауы немесе қан қысымы жоғары болуы екіталай. Және олардың көбі темекіні тастап кете алады. Британдық ғалымдардың зерттеулері көрсетіп отырғандай, ешқандай ет жемейтін вегетариандықтардың ақыл ойы - әдетте балық еті мен құс етін жесе де өздерін вегетариандық деп есептейтіндерден артықшылығы жоқ.

Ғылыми жұмыстың авторы Гэйл өз зерттеулері барысында, кейбір вегетариандықтардың диеталары оларды зерделі етті деп ойлайтындығын байқаған. Мәселен, ғалым Катрин Гэйл бұл тұрғыда британиялық драматург Джордж Бернард Шоудың 1890 жылы “менің санамның калибрі азықты сиырдан ала алмайды деп айтқан сөзін келтіреді.

“Мұнда драматург Бернард Шоу сияқты өте танымал вегетариандықтар бар. Олар өздерінің ет жемейтін вегетариан болғаны миының жұмысын жақсартқанын анық сезінгендер. Бірақ, әлбетте біздің деректерімізбен сіз олай деп айта алмайсыз”.

Алайда, кейбір психологтар Гэйлдың зерттеулеріне дейін бұл айтылғандарға қарсылықтарын танытып келген.

1930 жылы Британиялық дәрігер Роберт Хэтчинсон вегетариандық туралы өз қортындысын былай деп жасаған екен. Демек, “Вегетариандық айтарлықтай зиян емес десе де ер адамды желге толтырып, тоқмейілсітіп қояды” деген екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG