Accessibility links

Әлем басшылары Ниязовтің ажалы жайында пікірлерін айта бастады


Әлем басшылары Түркіменстанның авторитарлық президенті Ниязовтің өлімі жайында пікірлерін айта бастады. Түркия үкіметі Түркіменстанға көңіл айтты. Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл президент Ниязов Түркіменстанды совет заманынан алып шығуға шынайы еңбек сіңірді деді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркіменстанда биліктің заңды жолмен ауысқанын, ел азаматтарына септігін тигізгенін қалаймыз деді. Германия сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штайнмайер Ресей мен Еуропа Одағы Орталық Азияды тұрақтылықтың бұзылмағанын қалайды деді.
XS
SM
MD
LG