Шетелдерде қуғында жүрген Түркімен оппозициясының қайраткерлері президент Сапармұрад Ниязов өлді, енді елге оралғанымыз жөн деп үндеу айтып жатыр. Оппозиция басшыларының бірі, бұрынғы сыртқы істер министрі Авды Құлиев "Азаттық" радиосына берген сұхбатында елге оралуды ақылдасып жатырмыз деді. Түркіменстан Демократиялық күштер одағы елге қайтатын болсақ – Украинада чартерлік рейс ұшағы дайын деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?