БАҒДАД: Кеше АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі Робертс Гейтс Бағдадта Ирақтың премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен кездесті. Келіссөзден кейін Гейтс Ирақ үкіметі бейбіт халықтың қауіпсіздігін қорғаудың өзге жақсы жолын ұсынуға бел буып отыр деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ирақтағы ахуалдың жақсара қоймағанын мойындады. АҚШ президенті Дж.Буш Ираққа уақытша жіберілетін қосымша АҚШ әскері елдегі қантөгісті ауыздықтауға көмектеседі деп сенетінін мәлімдеді.