БАҒДАД: Кеше Ирақтағы АҚШ әскері хабарлағандай, 4 әскери теңізшіге өткен жылдың қарашасында Ирақтың Әл-Хадита қаласының 24 тұрғынын өлтірді деген айып тағылып отыр. Осы 4 жауынгер - өткен жылдың қарашасында кісі өлтіргендері үшін сотталуға тиісті 8 АҚШ жауынгерінің арасында болған. Бұл – Ираққа АҚШ әскері басып кірген 2003-інші жылдан бергі ең ауыр әскери қылмыс болайын деп отыр. Айыптаушы жақтың мәлімдеуінше, АҚШ жауынгерлері Әл-Хадита қаласын күзету кезінде бір қаруласының қаза болуынан кейін 3 сағат бойы ойрандаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV