АШХАБАД: Президент С.Ниязовтың қайтыс болуына байланысты Түркіменстан күрделі саяси жағдайға тап болды. Түркіменстанды 21 жыл бойы авторитарлық жолмен билеп келген 66 жастағы С.Ниязов – жүрегінің тоқтап қалуы салдарынан кеше қайтыс болды. Марқұмды жерлеу 24-інші желтоқсанға белгіленіп отыр. Түркіменстанның жоғарғы заң шығарушы билігі – Мемлекеттік кеңес - оның биліктегі “мұрагерін” таңдау және президент сайлауының уақытын белгілеу үшін 26-ншы желтоқсанда мәжіліс өткізуге тиіс. 2 айдың ішінде өтуге тиісті президент сайлауына дейін Түркіменстанның вице-премьері әрі денсаулық сақтау министрі Гурбангули Бердімұхаммедов мемлекет басшысы міндетін уақытша атқарады.