«Казахстанская правда» газеті, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 2006 жылы экономика саласында 297 қылмыстың бетін ашқанын жазады. Оның ішінде 131 қылмыс жемқорлықпен байланысты. Сондай-ақ, комитет қызметкерлерінің күшімен 455 жемқорлық заңбұзушылық анықталып, 284 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылған. Ал Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті арнайы бөлімшелерінің атқарған шараларының нәтижесінде мемлекетке 7 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды, - деп жазады «Казахстанкая правда».
Ал «Литер» басылымы, биылғы жылы Ұлттық Қауірсіздік Комитетінің барлау қызметі нәтижелі жұмыс атқарды, - деп жазыпты. Комитет қызметкерлері мемлекеттік құпиялар жөнінде мәлімет алмақ болған үш агентті ұстаған. Олардың екеуі Қазақстан азаматы. Бұған қоса, Ақмола облысының Степногорск елді мекенінде комитет қызметкерлері жүргізген бірнеше арнайы операцияның нәтижесінде экстремистік ұйымның 10 мүшесі ұсталды, - деп жазады «Литер».
Ал «Экспресс-К» басылымы, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жұмысының басты бағыттарының бірі халықаралық есірткі тасымалы жолдарын кесу деп жазады. Комитет шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, 2006 жылы 8 ірі арнайы операция жүргізген. Соның нәтижесінде есірткі сатумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топтар мен қауымдастықтар әшкере болды. Мысалы, «Мәскеу бағыты» операциясы кезінде Ауғанстаннан есірткі тасымалдайтын халықаралық қылмыстық топ ұсталды. Жалпы, республикада Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлерінің күшімен 23 есірткі тасымалдау жолы мен 10 қылмыстық топ қолға түсіп, 250 қылмыстың беті ашылды, - деп жазады «Экспресс-К».
«Айқын» басылымы, Қазақстанда ұлттық идеология тарихпен сабақтас болуы тиіс пе, - деген мәселе көтеріпті. Басылымға сұхбат берген саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, ұлттық идеологияның түпнұсқасын қазақтың ХV-ХVІІ ғасырдағы тарихынан алу керек. Әр идеологияның заманына сай кемшіліктері болды, сол кемшіліктерді ескере отырып, жаңа идеология жасау қажет, - дейді Әзімбай Ғали. Ал, саясаттанушы-журналист Сейдахмет Құттықадамның пікірінше, қазақтың рухани мүддесін білу үшін, оны зерттеу керек. Бұған қоса, геосаяси жағдай, рухани ахуал, жахандану секілді қазіргі заманға сай мәселелерді де зерттеу қажет. Шамамен 40 пайыз Алаш орда идеологиясынан алып, 60 пайыз жаңа идеологиялар қосылуы керек, - дейді Сейдахмет Құттықадам «Айқын» басылымына берген сұхбатында.
Осы орайда, «Казахстанская правда» басылымы Қазақстандағы Ұлттық идея қандай, ұлттық сипатта ма, әлде азаматтық сипатта болуы тиіс пе, - деген сауал тастайды. Газеттің жазуынша, бірінші бағытты жақтаушылардың пікірінше, Қазақстанда тек қана бір ғана ұлт - қазақтар тұрады, ал өзгелері-диаспоралар. Сондықтан Қазақстандағы Ұлттық идеяның негізі – қазақтардың ұлт ретінде қайта жаңғыруы болуы тиіс. Ал екінші бағытты жақтаушылардың пікірінше, көп ұлтты мемлекетте ұлттық идея бір ғана халықтың идеясы болуы мүмкін емес. Сондықтан Қазақстанда ұлттық идея – елдегі барлық азаматтарды біріктіруге бағытталған, жалпыұлттық сипатта болуы тиіс. Дегенмен, Қазақстандағы ұлттық идеяны жасау үшін, осы екі бағыт та ескерілуі қажет деп жазады, - «Егемен Қазақстан».