Accessibility links

Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысын мойындамаймыз деді


Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкция қойған қаулысын мойындамаймыз деп жауап қайтарды. Иран сыртқы істер министрлігі ұйым қаулысын "заңсыз" деді, қаулы ұйым жарғысына қайшы деп мәлімдеді, Иранның ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейді деді. Иранның ұйымдағы елшісі Джавад Зариф Қауіпсіздік Кеңесінің санаулы мүшесі, әсіресе Америка Құрама Штаттары мекемені қысым құралына айналдырды, Иранды өз құқықтарынан бас тартқызу үшін қорқытып-үркітуді әдетке айналдырды деді. БҰҰ қандай қаулы шығарсада да ядролық бағдарламаны тоқтатпаймыз деп Иран президенті Махмұд Ақмединижат бірнеше рет мәлімдеген жалпы.
XS
SM
MD
LG