Accessibility links

Украинадағы электр поезды 26 жастағы маскүнем өртеген болып шықты


КИЕВ: Украина теледидарының хабарлауынша, Харьков облысындағы электр поезын өртеген адам ұсталды. Сенбі күні кешкісін электр поезынан шыққан өрттен 7 жолаушы қаза болып, біреуі қатты күйген болатын. Теледедардың мәліметі бойынша, Харьков облысының 26 жастағы тұрғыны электр поезға жанар май тамшылап ағып тұрған ыдысын алып кірген. Жолаушылардың ескертпе сөздеріне ызасы келген әлгі маскүнем жанар майды шашып жіберіп, оған от қояды да, өзі поездан секіріп түсіп қалады.
XS
SM
MD
LG