Accessibility links

Иран БҰҰ-ының өзіне қатысты Қарарына қарсы “шара” қабылдады


ТЕҺРАН: Иран өзінің Натанцтағы ядролық кәсіпорнына уранды байытуға қажетті 3 мың центрофуга жабдығын орнатуға кірісті. Мұндай әрекетін Теһран БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған Қарарына жауап есебінде бастап отырғанын мәлімдейді. Одан 1 күн бұрын Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан уран шикізатын байытудан бас тартпағаны үшін Иранға жаза қолдану туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл Қарардың жобасын Ұлыбритания, Франция және Германия бірге ұсынды.
XS
SM
MD
LG