Accessibility links

Паленстина төрағасы мен премьер-министрі өзара Иорданияда келіссөз өткізеді


ТАЯУ ШЫҒЫС: Таяу күндері Иорданияда Палестина автономиясының төрағасы әрі ФАТХ қозғалысының лидері М.Аббас пен Автономия премьер-министрі әрі “Хамас” ұйымы басшыларының бірі Исмаил Хания кездесуге тиіс. Иордания патшасының дәнекер болуымен М.Аббас пен И.Хания ФАТХ қозғалысы мен “Хамас” өкілдерінің өзара қақтығыстары әлі жалғасып жатқан Автономия ішіндегі саяси дағдарыстың шешімін табуға тырысып көреді. Палестина үкіметінің хабарлауынша, премьер-министр иордан патшасының шақыруын қабылдады, ал М.Аббас Амманға келіп үлгерді.
XS
SM
MD
LG