Accessibility links

Түркіменстан Халықтық Мәслихаты төтенше жиын өткізді


Бүгін Түркіменстан Халықтық Ассамблеясы бас қосып, аутариталық режим қағидасымен қызмет жасаған президент Ниязовтың қазасынан кейінгі саяси болашақ жағдайын талқылады. Мәслихатты аша тұрып президент міндетін атқарушы Бердімұхамедов:

- Бүгінгі жыйында 2513 өкіл қатысып отыр. Олардың 1466-сы ассамблея мүшесі. 47 адам шақырылған шетелдік елшілер, журналистер, - деп Ассамблея жұмысын бастады.

Халық Маслихаты Түркіменстандағы ең жоғарғы заңдық орган. Маслихатта 2500-дей ресми өкіл бар. Бұл отырыста президенттік сайлаудың мерзімі белгіленіп, сондай-ақ, бәлкім Ниязовтың орнынан үміткерлер есімі де аталуы мүмкін екен. Сапармұрад Ниязов Түркіменстан жетекшілігінде 20 жылдан астам болып, желтоқсанның 21-інде жүрек ауруынан қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG